• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
Президент 23 Наурыз, 2020

Қазақстандықтарға төтенше жағдай кезінде жәрдемақы беріледі

1902 рет
көрсетілді

Төтенше жағдай кезінде табысынан айырылғандарға ай сайын ең төменгі жалақы мөлшерінде жәрдемақы беріледі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында айтты.

«Төтенше жағдай режимі енгізілуіне байланысты табысынан айырылған адамдарға ай сайын ең төменгі жалақы мөлшерінде (42 500 теңге) төлем жасай бастауды тапсырамын. Жалпы мұндай көмекті кемінде 1,5 миллионнан астам адам алады. Қажет болған жағдайда соманы арттыруға және қолдау түрлерін кеңейтуге барлық резервіміз бар. Мемлекеттік комиссияға төлемдердің тиімді және ашық тетігін әзірлеуді тапсырамын», деді Қазақстан Президенті.