24 наурыздан бастап Алматыда қоғамдық көліктер кешкі сағат 21.00-ге дейін жұмыс істейтін болады.
Қоғамдық көлік жұмысының мониторингі мен талдауы жолаушылар ағынының 70%-ға төмендегенін көрсетті. Осыған байланысты төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Алматының жедел штабы қалалық маршруттардың жұмыс уақытын қысқарту туралы шешім қабылдады.
Айта кетейік, бұған дейін жолаушылар ағынының айтарлықтай төмендеуіне қарамастан, қала тұрғындарының еркін қозғалуы үшін автобустар жоспарлы 95% шығумен штаттық режимде жұмыс істеуін жалғастырды. Қалааралық және қала маңындағы маршруттардың жұмысы тоқтатылды.