• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Наурыз, 2020

Қызылорда: Тағы 6 кәсіпкер жауапқа тартылды

1018 рет
көрсетілді

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты Қызылорда облысы полиция департаментінің жеке құрамы кеше облыстағы 300-ге жуық дәмхана-мейрамханаларды тексерді. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Оның барысында 6 дәмхана иесі төтенше жағдай режиміне қарамастан түнгі уақытта жұмыстарын жалғастырғаны анықталды. Бес дерек облыс орталығында анықталса, біреуі Жаңақорған ауданында орын алған. Осыған байланысты кәсіпкерлерге ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып,  жинақталған құжаттар сотқа жолданды.

Төтенше жағдай талаптарына сәйкес ірі сауда нысандары 10.00-ден 18.00, киім-кешек базарлары 11.00-ден 17.00-ге дейін ғана ашық болады. Дәмхана мен мейрамханаларға келушілердің саны 50 адамнан аспауы керек және  жұмысы 22.00-де тоқтауы тиіс.   

Аталған шектеулерді орындамағаны үшін кафелер мен мейрамхана әкімшілігіне ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы бойынша 10 АЕК айыппұл салынады немесе 15 тәулікке қамау жазасы қолданылады.

Төтенше жағдай режимі кезіндегі талаптарының сақталуын қадағалау мақсатындағы жұмыстар жалғаса береді.