Кеше Науырзым ауданында екі адам кісі қолынан қаза тапты. Ауыр қылмысқа бас қосып ішімдік ішіп отырған таныс үш адамның арасында туындаған жанжал себеп болған. – Нәтижесінде 41 жастағы ер адам бірі 52, екіншісі 39 жастағы екі танысын өлтірген. Қазір қылмыстық іс қозғалып, күдікті тергеу абақтысына қамалды, - деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз орталығы.
Полиция баспасөз қызметінің хабарлауынша, жалпы өңірде соңғы тәулік ішінде тіркелген қылмыстың бәрі дерлік дереу ашылған. Мәселен, Рудный қаласында жүргіншінің басынан құндыз бөркін жұлып алып қашқан бірнеше жасөспірім ізін суытпай ұсталған.
Сондай-ақ облыс аумағында бір тәулікте 2 жол көлік оқиғасы болып, одан 4 адам зардап шеккен. Жалпы мереке күні тіркелген 15 қылмыстың 12-сі із суытпай ашылды.
Қостанай облысы