• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
Қоғам 23 Наурыз, 2020

Қай қалаларда ірі сауда, ойын-сауық орталықтары жұмыс істейді?

290 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан басқа қалаларда ірі сауда, ойын-сауық орталықтары жұмыстарын жалғастыра береді. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді.

«Карантин енгізілген Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында ірі сауда, ойын-сауық орталықтары жұмыс істемейді. Ал басқа қалаларда санитарлық талаптар сақтала отырып, кешкі сағат 18:00-ге дейін жұмыс істей береді», деді Дәурен Абаев.