• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 23 Наурыз, 2020

Ипотекалық төлемдерді үш айға кейінге қалдыруды ұсынды

202 рет
көрсетілді

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ тұрғын үй блогының еншілес ұйымдары (Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкі, Қазақстан ипотекалық компаниясы, Бәйтерек девелопмент) Қазақстанда төтенше жағдай әрекет ету кезеңінде мемлекеттік және меншікті бағдарламалар шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың қарыздары бойынша мерзімін кейінге қалдыруды ұсынады.

Осы  жылғы 23 наурызда Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында айтылған Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, уақытша қаржылық қиындықтарға тап болған жеке және заңды тұлғалар үшін Холдингтің тұрғын үй блогының еншілес ұйымдары барлық төлемдер бойынша, негізгі қарыз бен сыйақы сомасын қоса алғанда, тұрғын үй және тұрғын емес жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алу құқығымен жалдау/сатып алу-сату (оның ішінде бөліп төлеу) барлық мәмілелері бойынша, айыппұлдар мен өсімақы есептемей, алдағы 3 айға (сәуір-маусым) төлемдерді кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады.

Кейінге қалдыруды мемлекеттік операторлар қашықтықтан байланыс арналары (жеке кабинет, telegram-боттар, ресми сайттар) арқылы өтініш берушінің жүгінуі арқылы жеке тәртіппен қарайтын болады.

Барлық сұрақтар бойынша call-орталықтардың нөмірлері бойынша хабарласуға болады:

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі: 300

Қазақстандық Ипотекалық компания: +7 800 080 44 48

Бәйтерек девелопмент: +7 7172 79 65 60, +7 800 080 01 01