• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Наурыз, 2020

Өскеменнің екі көңіл көтеру мекемесі төтенше жағдай режимін елемеді

152 рет
көрсетілді

Қалалық полиция басқармасының қызметкерлері рейд кезінде тәртіп бұзушыларды анықтады.

- Олардың бірі - сағат 23.00-ден кейін жұмыс істейтін караоке-бар, ал екіншісі - жасөспірімдер болған компьютерлік клуб. Екі жағдайда да мекеме әкімшілігіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы «Төтенше жағдай режимін бұзу» бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды, - деп хабарлады Өскемен қаласы полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Қалалық әкімшілік сот тәртіп бұзушыларға жаза тағайындады. Олардың әрқайсысына 10 АЕК (26 мың 500 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Тәртіп сақшылары азаматтардың шектеулерін түсініп, жеке және қоғамдық қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды. Тәртіп бұзушылыққа куә болған азаматтар 102 арнасына хабарласуына болады.