Азаматтардың бас амандығын қамтамасыз ету мақсатында Қорғаныс және Сыртқы істер министрліктері қырғыз тарапымен бірлесе қазақстандық балаларды елге қайтарды.
Олар айыр қалпақты ағайындар отанында емделіп жүрген, алайда қазіргі ахуалға байланысты кері қайтып үлгермеген. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады. «Мемлекет қиын жағдайға тап болған өз азаматтарына қашан да қол ұшын созуға әзір. Ерекше диагнозы бар бұл өрендерді Қазақстанға жеткізу үшін арнайы тасымал түрі керек болды», – делінген ақпаратта.