Облыстық полиция департаменті мен қалалық басқарма қызметкерлері еріктілермен бірлесіп, тұрғындарға төтенше жағдай режимін түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сауда орталықтарында, аялдамаларда, көпқабатты үйлер аулаларында, жеке секторда ауқымды ақпараттық жұмыс жүргізілуде.
Шара барысында барлық азаматтарға жадынамалар таратылды. Ерікті жастар түнгі рейдтерге де белсенді қатысып жатыр.