• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Наурыз, 2020

Қостанай: Қоғамдық тәртіптің сақталуына еріктілер атсалысады

312 рет
көрсетілді

Жалпыға бірдей жарияланған төтенше жағдайға қарамастан, әсіресе, мерекелік демалыс күндері үйде тыпыршып тыныш отыра алмай, сыртқа шығып, бас қосып көңіл көтеруді жөн көретін сауықшылар азаймай тұр.

Олардың көбеюіне тәртіпке құлақ аспайтын ойын-сауық орталықтары мен дәмханалар да себеп болып отыр. Мысалы, облыста дәл мереке күні уақыт түн ортасына дейін жұмысын тоқтатпаған 10 сауықхана анықталып, қожайындары әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Әр өңірде әрегідік бой көрсетіп қалып жатқан мұндай келеңсіздікке Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та алаңдаушылық білдіріп отыр. Содан кейін облыста қоғамдық тәртіпке бақылау күйшейе түсіп, полицейлерге еріктілерден жасақталған ұйымдар көмекке келе бастады.  

Мәселен, кешеден бері «Дос» еріктілер ұйымы мен Қостанай қалалық полиция басқармасының қызметкерлері бірлесіп, қоғамдық нысандарды бақылау шараларын жүзеге асыра бастады.  Әр рейдке 30 полицей, 10 ерікті қатысады. Мақсат - шектеу режімін бұзушыларды анықтап,  кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауапқа тарту. Сондай-ақ, қала тұрғындарына ТЖ режімі мен жеке бас тазалығын сақтау жөнінде ескертпе қағаздар таратып, қатердің алдын алуға үндеу.  

Бірлескен рейд жасақтары кеше облыс орталығында төтенше жағдай тәртібін бұзған тағы 4 кафені анықтады. Жергілікті полиция қызметінің мәліметінше,  дәмхана иелеріне әкімшілік хаттама толтырылып, Қостанай қаласындағы мамандандырылған соттың қарауына жіберілген.

 

ҚОСТАНАЙ