Көктемнің жарқын мерекесі, Ұлыстың ұлы күні - 22 наурызда Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығында 12 ұл және 12 қыз бала дүниеге келді. Бұл туралы орталық директоры Жамал Жаманбаева хабарлады.
Жаңа туған сәбилердің арасында екі егіз бар. Бүгінде олар өздерін жақсы сезінуде, аналарының да денсаулығында алаңдайтын ештеңе жоқ.
- Мереке күні кезекшілік тыныш өтті. Жеке өзімнің және ұжымның атынан асыға күткен, өмірге дені сау кішкентай ханшайымдар мен болашақ Отан қорғаушылар өмірге әкелген аналарын, сонымен қатар, үйлерінде күтіп отырған әкелерін шын жүректен құттықтаймыз, - деді Жамал Жаманбаева.
Перинаталдық орталық басшылығы мәлімдегендей, кішкентай сәбилер мен аналары жуырда үйлеріне қайтады. Жалпы медициналық мекемеде оларға барлық жағдай жасалған.
Маңғыстау облысы