• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Наурыз, 2020

Мереке күні Ақтауда 100-ге тарта бала дәрігер көмегіне жүгінді

275 рет
көрсетілді

Наурыз мерекесі күні Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасында кезекшілік ұйымдастырылып, дәрігерлікке көмекке 93 бала жүгінген болатын. Басым бөлігі инфекциялық аурумен хабарласқан. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Айта кету керек, балалар ауруханасына жедел жәрдем бригадасының көмегімен жеткізілген және өздері барған 93 баланың 14 аурухананың түрлі бөлімшелеріне жатқызылған болатын.

Травматология бөлімшесіне қаралған 43 баланың ішінде 4-і хирургиялық бөлімшеге жатқызылған. Ал инфекциялық аурумен жолыққан 55 балаға түрлі диагноз қойылған, педиатрия бөлімшесіне 25 бала қаралды, оның 12-сі бір жасқа дейінгі балалар.

76 балаға амбулаторлық ем алу жөнінде кеңес берілген. Жалпы кезекшілік тыныш өтті, жаппай улану немесе жарақат алып жеткізілгендер болған жоқ.

 

Маңғыстау облысы