• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Қазақстан 25 Наурыз, 2020

21 қазақстандық азамат Қырғызстаннан эвакуацияланды

141 рет
көрсетілді

Қазақстан азаматтарының денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қазіргі таңға дейін Қырғызстан Республикасында болған қазақстандықтар өз отандарына эвакуацияланды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Бұл эвакуация коронавирустың таралуына байланысты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларына сәйкес жүргізілді.

Қазақстан Әскери-әуе күштері, әскери көлік авиациясының күшімен 21 азамат, оның ішінде 10 бала елге оралды.  Эвакуацияланғандар Қырғызстанда емделулеріне байланысты болғандықтан келе алмаған. 

Айта кету керек, эвакуацияланғандар арасында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар жоқ. Денсаулық жағдайлары жақсы, шағымдары болмаған. Барлық келген адамдар тиісті медициналық тексерістен өтіп, инфекциялық бақылау талаптарына сәйкес карантинге жіберіледі.

Эвакуацияланған азаматтардың туыстары мен жақындарына келгендігі туралы хабарланып, олар карантин кезеңінің ережелерімен танысады.

Бұдан бөлек, Атырау қаласының әуежайына келгеннен кейін әскери ұшаққа санитарлық өңдеу жүргізілді.

Соңғы жаңалықтар