Қазалыда еліміздегі төтенше жағдайға байланысты аудан әкімінің тапсырмасымен мобильдік топ құрылып, 18 наурыздан бастап күнделікті рейд жұмыстарын жүргізуде. Рейд барысында көңіл көтеру орындары, мейрамханалар, дәмханалар және өзге де қоғамдық тамақтану орындары тексерілуде.
Мобильдік топ мүшелері рейд кезінде төтенше жағдай режимін бұзған 2 кәсіпкерге әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жолданды.
Кеше Қазалы аудандық сотында осы азаматтарға қатысты ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 476-бабымен қозғалған әкімшілік іс қаралды.
Сот қаулысымен бір азамат 7 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, ал екінші кәсіпкерге тәрбиесінде кәмелетке толмаған баласының болуына байланысты 26 510 теңге айыппұл салу жазасы тағайындалды.
Қызылорда облысы