• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Наурыз, 2020

Қызылорда: Тапшы тауарлар өзімізде өндіріледі

283 рет
көрсетілді

Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов облыстағы ірі дәріхана иелерімен және жеңіл өнеркәсіп саласындағы кәсіпкерлермен кездесті. Кездесуде медициналық бетперде мен антисептик тапшылығын болдырмау мәселесі талқыланды.

Қазір облыс орталығындағы "Dalatex" тігін фабрикасы №50 дәріханамен келісімшартқа отырып, күніне 10 мың данадан аса бетперде тігеді. Жекелеген кәсіпкерлер "Аңсар" дәріханалар желісін осы тауармен қамтамасыз етіп отыр.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушылары дезинфекция үшін пайдаланылатын сұйықтық әзірлеуде. Тек өңірдегі этил спиртінің тапшылығы тауарды көптеп шығаруға кедергі болып отыр. Осыған байланысты, Қуанышбек Ысқақов жауапты сала жетекшілеріне өнімді 2 күн ішінде өзге аймақтардан жеткізуді міндеттеді. Тек сатылымға шығарылатын тауар халыққа қолайлы бағада ұсынылуы тиістігін ескертті.

– Маска мен антисептиктердің бағасын шарықтатып, пайда көру деген болмасын. Індет, дағдарыс дегеніміз – уақытша, өтпелі құбылыс. Біздің алдымызда тұрған мақсат – мүмкіндікті барынша пайдалану, осы қиындықтан аман-есен шығып, одан да мықты болу. Оған біздің толық мүмкіншілігіміз бар, - деді облыс әкімі.

 

ҚЫЗЫЛОРДА