• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Наурыз, 2020

Өскемендік кәсіпкер 15 күнге қамалады

475 рет
көрсетілді

Облыста 10 кәсіпкердің төтенше жағдай талаптарын сақтамағаны анықталды

Өскеменде елімізде жарияланған төтенше жағдай талаптарын сақтамай, түнгі сағат 22:00-ден кейін жұмысын жалғастырған 27 жастағы кәсіпкер қамауға алынды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. «Оған әкімшілік хаттама толтырылды, енді ол әкімшілік соттың қаулысына сәйкес 15 күн мерзімге қамалады. Сондай-ақ, 22 наурызда интернет-клубтың сағат 22:00-ден кейін жұмыс істегені белгілі болды. Сот шешімімен Глубокое ауданының 23 жастағы тұрғыны ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 476-бабы (Төтенше жағдай режимін бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалпы, бүгінде облыста 10 кәсіпкердің төтенше жағдай талаптарын сақтамағаны анықталды» делінген департаменттің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Шығыс Қазақстан облысы