Ақтөбе қаласына қарасты Қурайлы ауылының маңындағы «Ақбұлақ» акционерлік қоғамының пайдаланылмайтын кәріз құбырынан металл сынықтарын жинау кезінде 29 бен 33 жас аралығындағы үш ағайынды жігіт қаза болды.

Олардың қасындағы тағы бір адам медициналық жедел жәрдем ауруханасына жеткізіліп, есін жиды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті директорының орынбасары Бауыржан Сыздықов пен департаменттің жедел құтқару қызметінің жетекшісі Асқар Хамзиннің бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өткізген баспасөз мәслихатында хабарланды. Олардың мәлімдеуінше, Қурайлы ауылы маңында «Ақбұлақ» акционерлік қоғамының жер асты жұмысы жүріп жатқан көрінеді. Төрт жігіт диаметрі 900 сантиметр 2-3 метр тереңдікте орналасқан кәріз құбырларын кесіп, металл жинау үшін жер астына түскен. Сол мезетте олар құбыр ішіндегі қатты қысымды метан газына уланған. Жоғарыда айтқандай, үш жігіт сол жерде қайтыс болады. Бір жігіт қана сыртқа шығып үлгереді.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Ақтөбе облысы.