Медициналық маскаларды өндіру арнайы рұқсаттардың болуын талап етпейді деп хабарлады Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев "Хабар 24" арнасында болған брифингте.
Сонымен қатар ол маскаларды өндіру мен сату тіркеуді және лицензияны талап етпейтінін атап өтті.
"Бұл медициналық өнім болып саналмайды және техрегламентке қайшы емес. Маскаларды өндіру және сату лицензияның болуын талап етпейді. Өнімнің бұл түрі медициналық бұйым емес" деді министр.
Бұған дейін Қаржы мониторингі комитеті елдің 12 өңірінде медициналық маскаларды қымбаттатып сатқан 17 оқиға тіркелгенін атап өткен. Барлығы үш миллионға жуық (2 932 019 дана) медициналық маска тәркіленген, олар денсаулық сақтау мекемелеріне берілді.