• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Оқиға 25 Наурыз, 2020

Рудныйда полицейлер мүмкіндігі шектеулі жанды өрттен аман алып қалды

285 рет
көрсетілді

Полиция басқармасының мәліметінше, 22 наурыз күні Рудный қаласындағы көп қабатты тұрғын үйдің бірінен өрт шығып, өздігінен жүре алмайтын мүмкіндігі шектеулі зейнеткер қызыл жалынға оранған пәтер ішінде қалады.  Оқиға орнына өрт сөндірушілерден бұрын жеткен патрульдік полиция инспекторы Мақсұт Досыбаев пен кіші сержант Төлеген Қастаев дереу қою түтін тұмшалаған бесінші қабатқа көтеріліп, жалын құрсауында қалған зағипті  дін аман сыртқа алып шығады.

- Біз жеткенде баспалдақ алаңында тұрғындар жиылып қалыпты. Өрт сөндірушілерді күтіп тұратын уақыт жоқ. Көмекке шақырған дауысты естіп, аузымызға дымқыл шүберек байлап алып, дереу жанып жатқан пәтердің ішіне ендік. Қою түтін түк көрсетпейді, әйтеуір қабырғаны сипай жүріп дауыс шыққан жаққа жылжыдық, - деді полиция аға сержанты Мақсұт Досыбаев.

Зейнеткерді өрт құшағынан сыртқа алып шыққан полицейлер зағиптің өтінуімен өрт шыққан пәтерге екінші рет кіріп, мүгедек арбасын алып шығады. 

Арнайы қызмет келісімен, өрт  сөндіріліп, оқиғаның себебі анықталды. Өрттің шығуына электр сымының тұтануы себеп болған.

 

Қостанай облысы