Жалпы, елдегі эпидемиялық жағдай бақылауда. Бәріміз бірге жұмыла күрессек, індетті жеңеміз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев твиттердегі парақшасында осылай деп жазды.
«Коронавирусқа шалдыққан екі азаматымыз емделіп, ертең ауруханадан шығады. Жалпы, елдегі эпидемиялық жағдай бақылауда. Бәріміз бірге жұмыла күрессек, індетті жеңеміз. Ең бастысы – уайымдамай, дәрігерлердің талаптарын орындау» деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында.
Сондай-ақ Президент коронавирус инфекциясымен күресіп жатқан қызметкерлерге алғыс білдірді.
«Халықтың денсаулығы үшін аянбай еңбек етіп жатқан дәрігерлерге, полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілерге ризашылығымды білдіремін. #Birgemiz!» деді Президент.
Еске сала кетсек, Қазақстанда екі емделуші коронавирустан жазылған еді.