• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Наурыз, 2020

Құлжа тас жолындағы жаңа жолайырық

468 рет
көрсетілді

Алматыда Бұқтырма көшесімен қиылысатын Құлжа тас жолында көліктерге арналған жолайырық құрылысы жалғасып жатыр. Нысан бірінші кезекте жоғарыда аталған бағыттағы кептелістің қысқаруына, экологиялық жағдайды оңалтуға, сондай-ақ қалалықтардың діттеген орнына жылдам әрі ыңғайлы жетуіне мүмкіндік береді.

Жоба бойынша жұмыс өткен жылы шілдеде басталды. Осы уақыт ара­лығында жолшылар құмды-қиыршық тасты қоспалардан ұзындығы 550 метр болатын жол негізі мен жабындысын төсеп, арық науаларын ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді. Құрылыс алаңы­ның аумағын уақытша қоршады.

Жоба Бұқтырма көшесінің бо­йында ұзындығы 570 метрді құрайтын үңгіртауы, Құлжа тас жолында ұзын­дығы 783 метр болатын эстакадасы және осы көшелер қиылысында айналма қозғалысты ұйымдастыруға арнал­ған рампа бөлігі бар үш деңгейлі жол айы­рығы құрылысын қарастырады.

Жобаның бас мердігері – «Bazis Construction» ЖШС. Құны – 20,2 млрд теңге. Жолайырық Алматының солтүс­тік-шығыс бөлігіне түсірілетін жүкте­мені азайтады. Құрылыс жұмыстары нәтижесінде жолдың өткізу мүмкін­дігі 15–20% артады. Келісімшартқа сәй­кес жұмыстар 2022 жылғы ақпанда аяқталады деп жоспарланған.

Еске сала кетейік, Құлжа тас жолы мен Рысқұлов көшесі қиылысындағы жолайырығы 2019 жылдың желтоқ­сан айында пайдалануға берілді. Атал­ған жобаның бас мердігері «Bazis Construction» ЖШС болды.  Құны 20,3 млрд теңгені құрады. Екі деңгей­лі жолайырығы қауіпсіздік пен сейсми­калықтың жоғары деңгейлі стандарттарына сай екенін айта кету керек.