• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Наурыз, 2020

Қызылорда: Қалалық штабтың жұмысы қауырт

479 рет
көрсетілді

Қызылорда қаласында төтенше жағдайға байланысты құрылған жедел штаб өкілдері тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізумен қатар індеттің алдын алуға да үлес қосуда. Кеше қалалық жастар ресурстық орталығы жанынан құрылған еріктілер тобы базарлар мен сауда орындарында, темір жол вокзалы мен автовокзалда тегін медициналық бетперде таратты. Осы күні «Ажар сити» сауда орталығы да өз тұтынушыларына бетперде үлестірді.

Сонымен қатар, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қаупсіздігін бақылау басқармасы өкілдері санитарлық талаптарды сақтау туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізсе, қалалық төтенше жағдайлар басқармасы мамандары дыбыс күшейткіш арқылы халық көп шоғырланатын орындарда  қауіпсіздік шараларын сақтау, төтенше жағдай кезіндегі талаптар мен жауапкершіліктер туралы хабарландыру жасады.

Айта кету керек, қалалық жедел штаб 16 наурыздан бастап, көңіл көтеру орындары, мейрамханалар, дәмханалар және өзге де қоғамдық орындарда түнгі рейд жұмыстарын күнделікті жүргізуде.

Бүгінгі күнге дейін ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 476-бабы бойынша 19 хаттама толтырылып, іс сотқа жолданды, олардың 14-не қатысты сот шешімі шығарылды.

Оның, ішінде 12 дәмхана-ресторан иелеріне 10 АЕК көлемінде айыппұл салынса, талапқа бағынбаған 1 кәсіпкер 5, тағы бірі 7 тәулікке қамауға алынған.