• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Наурыз, 2020

Қостанай облысы: Керек құжатты үйде отырып-ақ ресімдеуге болады 

212 рет
көрсетілді

Қостанай облысында халыққа қызмет көрсету орталықтары мен көші-қон қызметі тек қана электрондық үкімет порталы арқылы қызмет көрсетуге көшті.

Осыған орай, көші-қон қызметінің бастығы Қайрат Дүтпаев тұрғындарға қандай қызмет түрлерін қашықтан алуға болатынын түсіндірді. Оның айтуынша, қазір Е-GOV арқылы кез келген азаматтың өзіне қажетті құжаттарды үйінде отырып-ақ ресімдеуіне мүмкіндік бар. Мәселен, тұрғындар портал арқылы мекенжайға тіркеліп, одан қайта шыға алады. Тұрғылықты мекенжай туралы анықтаманы да оңай алуға болады. Облыс аумағында уақытша тұруға келген шетелдіктерге сәйкестендіру нөмірін алу үшін де мүмкіндік қарастырылған.

Көші-қон қызметінің бастығы, сонымен қатар, кейбір қызметтерді ұсыну уақытша тоқтатылғанын айтты.

Уақытша тоқтатылған қызмет түрлері:

Қызмет түрі

1

Қазақстан Республикасы азаматтарына паспорт, жеке куәлік беру. Сондай-ақ, азаматтығы жоқ адамдарға берілетін куәліктер мен облыста тұрақты тұратын шетелдіктерге ықтияр хат беру;  

 

2

Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыру хаттарын қабылдау және оған келісім беру;

 

3

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру;

 

4

Еңбек көші-қонына қатысушыларға рұқсат беру;

 

5

Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға облыс аумағынан кетуге және келуге виза беру, оны қалпына келтіру немесе мерзімін ұзарту.

 

Қайрат Дүтпаев көші-қонға қатысты шектеу шаралары туралы толық мәлімет алғысы келген тұрғындарға 52-63-91 немесе 52-62-55 нөмірлі телефондарға хабарласу керектігін айтты.

 

Қостанай облысы