Орталық кеңседе азаматтарды қабылдау уақытша тоқтатылды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
«Барлық 129 Iqala қызметі цифрландырылған және www.iqala.kz сайтында қол жетімді. Кез-келген адам онлайн-кеңестерді қалқымалы терезе арқылы, сондай-ақ 109 байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы ала алады» деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары М.Бектұрова телеграм каналында.
Қала әкімнің орынбасары барлық қызмет түрлері жеке және заңды тұлғаларға қол жетімді деп атап өтті. Қызметтер тізімі порталдың басты бетіне орналастырылған. Кез-келген қызмет түрін онлайн режимде алу үшін электронды цирфлық қолтаңба арқылы жеке кабинетте авторизациядан өту қажет. Ары қарай 129 қызмет түрінің кез-келгеніне өтінім бере аласыз. IQala қалалық қызмет көрсету орталығы астана тұрғындарына тұрғын үй - коммуналдық сектор ұйымдарының қызметтерін онлайн режимінде алуға мүмкіндік береді.