• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Спорт 26 Наурыз, 2020

Олимпиада алауының эстафетасы уақытша тоқтатылды

182 рет
көрсетілді

24 наурызда Халықаралық Олимпиада комитеті және Токиодағы Олимпиада және Паралимпиада ойындарын ұйымдастыру комитеті Токиода өтетін Олимпиада және Паралимпиада ойындарын 2021 жылға ауыстыратыны туралы хабарлады.

«Осыған орай, «Токио-2020»  ұйымдастыру комитеті Олимпиада алауы эстафетасын кейінге шегеру туралы шешім қабылдады. Аталған эстафета жоспар бойынша бүгін, 26 наурызда басталуы керек еді. Ұйымдастырушы комитеттің айтуынша, Олимпиада ойындарының қашан өтетіні белгілі болғанда эстафетаның уақыты қосымша хабарланады», делінген ҰОК хабарламасында.