• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Наурыз, 2020

Түркістан облысына шетелден келген 51 азаматтан вирус анықталмады

289 рет
көрсетілді

Түркістан облысына іргелес Шымкент қаласы және Жамбыл облысында індет тіркеліп, эпидемиологиялық жағдай күрделеніп отыр. Бұл орайда өңірде сақтық шаралары күшейтілген.

Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Нышанов коронавирустық инфекция тіркелген басқа елдерден келген 51 азамат категориялар бойынша медициналық бақылауға алынғанын мәлім етті. Тарата айтқанда, 1А категориясымен 18 адам, (Франциядан -1, Италия -2, Испания -1, Индия-10, БАӘ-1, Германиядан-3), 1Б категориясымен 33 адам (О. Корея-24, Нидерланды -2, Литва -1, АҚШ-1, Англия-1, Украина-1, Польша -1, Чехия -1) бақылауға алынған. Бұдан бөлек, науқастармен қарым-қатынаста болған 8 азамат анықталып, COVID-19-ға тексерілген. Бір қуанарлығы - зерттеу нәтижелері теріс болып шыққан.

Сондай-ақ Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларынан «ЖРВИ» клиникалық белгілерімен келген 16 азамат стационарларға жатқызылып, лабораториялық тексеруден өткізілген. Бүгінге дейін стационарлардан шығарылған азаматтар саны 38-ге жетіп отыр. Облыстық зертхана керекті диагностикалау тест-жүйелермен және арнайы тасымалдау құралдарымен қамтамасыз етілген. Бүгінгі күні облыста тест-жүйенің 12 данасы бар.

Түркістан облысы