Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары мен ата-аналары төтенше жағдай режимі кезінде үйде отырып, спортпен шұғылдануға шақырады.
Қызылордалық зияткерлер ата-аналарымен бірге отбасылық эстафеталар, үстел теннисі, тоғызқұмалақ және шахматтан кішігірім турнирлер ұйымдастыруда.
- Коронавирустық пандемия кезінде үйден шықпауға тырысамыз. Бұл ең алдымен өзіміздің қауіпсіздігіміз үшін керек. Үйдегі ең үлкен бөлмені спорт залға арнадық. Өз қолымызбен үстел теннисін құрастырдық, - дейді ата-аналардың бірі Кенже Ажмолда.
Осы арқылы мектеп белсенділері барлық қазақстандықтарды спорттық челленджге қолдау көрсетіп, бос уақыттарын тиімді өткізуге шақырады.
Айта кету керек, алғашқы болып жаңа спорттық марафонды мәдениет және спорт министрлігі бастаған болатын. Бүгінде оның ауқымы кеңейіп, үйде бос отырмай, спортпен айналысуды қалайтындар саны артуда.