Қызылорда облысы әкімінің өкімімен Қайратбек Сәрсенбаев облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Қайратбек Әубәкірұлы 1961 жылы туған. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын инженер-гидротехник, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін экономист-бухгалтер мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1983 жылы Сырдария суару жүйелері басқармасының инженері ретінде бастап, әр жылдары Сырдария аудандық экономика және қаржы бөлімінің меңгерушісі, аудан әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.
2012-2017 жылдары облыстық қаржы басқармасын, Шиелі ауданын басқарды. Соңғы 3 жылда Жалағаш ауданының әкімі қызметін атқарып келді.