• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Наурыз, 2020

Қостанай: Полиция төтенше жағдай тәртібін бұзған дәмханалар мен сауық мекемелерінің тізімін жария етті

332 рет
көрсетілді

Жергілікті полиция басқармасының бастығы Құрмет Мәжікеновтың айтуынша, облыста  төтенше жағдай режімін бұзған 19 дәмхана мен сауық мекемесі әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Алдын ала жүргізілген түсіндіру жұмыстарына қарамастан, кейбір кәсіпкерлер шектеу режіміне мойынсұнбай, белгіленген қауіпсіздік тәртібін бұзуын тыймай отыр. Мәселен, 25 наурыз күні облыста төтенше жағдай режімін бұзған тағы 5 дәмхана анықталған.

Бүгін полиция ТЖ режімін бұзған мейрамханалар мен кафелердің тізімін жариялады. Тізімге Қостанай қаласынан 8, Рудныйдан 2, Жітіқарадан 4, Тобыл қаласынан 1, Арқалықтан 2,  Амангелді және Б.Майлин аудандарынан 2 кафе, мейрамхана, ойын-сауық клубтары сияқты мекемелер енген.

Бүгінге дейін анықталған 19 кәсіпкер ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бап санкциясы 10 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл немесе 15 тәулік мерзімге қамауға алуды көздейді, - деп хабарлады облыстық ПД-нің баспасөз қызметі.

Қостанай облысы