• RUB:
    5.28
  • USD:
    481.63
  • EUR:
    534.46
Басты сайтқа өту
Қоғам 27 Наурыз, 2020

Үйден тек азық-түлік, дәрі алуға немесе жұмысқа бару үшін шығуға болады - Д. Абаев

631 рет
көрсетілді

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев  төтенше жағдай режимі кезінде көшеде жүру талаптарын атады.

«Қоғамдық көліктерде, таксиде, сондай-ақ жеткізу қызметтерінде санитарлық талаптарды қатаң сақтау үшін циркуляр жасалады. Кеше айтылғандай бүгін түнгі 00:00-ден бастап үйден шығуға тыйым салынады. Үйден тек азық-түлік, дәрі алуға  немесе  жұмысқа бару үшін шығуға болады. Сонымен бірге 30 наурыздан бастап мекемелердің басым көпшілігі жұмысын тоқтатады», деді Дәурен Абаев.

Сондай-ақ ол полиция қызметкерлері азаматтардың неліктен көшеге шыққанын сұрауы мүмкін екенін айтты.

«Көшеде полиция қызметкерлері тоқтатып, қайда бара жатқаныңызды сұраса түсіністік танытып, жауап беру керек. Жұмысқа шақырғанды растау үшін сізде тікелей басшының немесе кадр бөлімі қызметкерлерінің телефон нөмірлері болған жөн. Азық-түлік дүкендері мен дәріханалар әдетте тұрғын үйлерге жақын орналасады. Сондықтан полиция қызметкерлері азаматтардың қажетті затын сатып алып, үйге қайтқанын бақылауы мүмкін. Оған да түсіністік таныту керек», деді  ол.

Соңғы жаңалықтар