• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 27 Наурыз, 2020

«Барыс» сұрмергенін сақтай ала ма?

300 рет
көрсетілді

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) сынға түскен елорданың «Барыс» командасы биыл тәуір нәтиже көрсетті деп айта аламыз. Себебі тұрақты біріншілікте төртінші орынға тұрақтаса, Чернышева дивизионында топ жарды. Сонымен қатар Гагарин кубогының плей-офф кезеңін де жолдама алған болатын.

Жерлестеріміз Гагарин кубогының плей-офф кезеңінде алғаш Магнитогорскінің «Металлург» командасымен кездесіп, бес ойынға созылған матчта жеңіске жетті. Екінші плей-офф кезеңінде «Барыс» Новосібірдің «Сибирь» клубымен шеберлік байқасуы керек болған. Алайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың коронавирус індетінен сақтану мақсатында ел аумағында төтенше жағдай жариялауына байланысты «Барыс» Гагарин кубогын жалғастырудан бас тартты.

«Барыстың» осындай айтулы жетістігіне өз үлесін қосқан команданың үздік сұрмергені Корбэн Найт жуырда клубтан кетуі мүмкін. Бұл туралы отандық бірқатар БАҚ жарыса жазуда. Өйткені осы жылдың 30 сәуірінде канадалық шабуылшының «Барыспен» келісімшарт мерзімі аяқталады. Қазіргі таңда Корбэн Найтқа Омбының «Авангард» клубы көз тігіп отыр.

Ал клубтың президенті Борис Иванищев барлық ойыншылар коронавирусқа байланысты өз елдеріне кеткенін, жағдай тұрақталған соң келісімшарты аяқталған хоккейшілермен жеке-жеке сөйлесетінін айтқан еді.

Канадалық шабуылшы ҚХЛ-дың биылғы маусымында 60 матч өткізіп, 41 (20+21) ұпай жинаған. Сондай-ақ ол плей-офф кезеңдегі 5 ойында бір рет нәтижелі пас асырған.