• RUB:
    5.17
  • USD:
    478.54
  • EUR:
    533.76
Басты сайтқа өту
Экономика 27 Наурыз, 2020

Төтенше жағдайға байланысты несие өтіліміне айыппұл мен өсімпұл қосылмайды - Д.Абаев

170 рет
көрсетілді

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы, екінші деңгейдегі банктер және микроқаржы ұйымдары қаржы нарығын реттеу және дамыту бойынша халықты қолдау шараларын әзірлеп, бекітті. Қарыз алушыларға 2020 жылдың 16 наурызынан 15 маусымға дейін төлемдер бойынша кейінге қалдыру ұсынылды, төтенше жағдай кезінде жұмысынан айырылған, ақы төленбейтін еңбек демалысында жүрген тұлғалар, ресми түрде жұмыс істемейтіндердің несие өтіліміне айыппұл мен өсімпұл қосылмайды. Қосымша құжаттарсыз бұл шегеру шарасы ресми түрде тіркелген жұмыссыздарға, АӘК алушылар және халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарына қатысты қолданылады. Несиелік ұйымдар аталған тұлғалардың тізімдерін кредиттік бюролардан алады» деді Дәурен Абаев.

 

Соңғы жаңалықтар