• RUB:
    5.17
  • USD:
    478.54
  • EUR:
    533.76
Басты сайтқа өту
Әлем 27 Наурыз, 2020

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсоннан коронавирус табылды

341 рет
көрсетілді

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсоннан коронавирус табылды. Бұл туралы BBC хабарлады. 

Премьер-министр кеңсесі Борис Джонсонның вирус жұқтырғанын мақұлдады. Хабарламада індет белгілері жеңіл екені айтылған, сондай-ақ ол Даунинг-стритте оқшауланады. Ол Англияның бас дәрігері, профессор Крис Уиттидің жеке кеңесі бойынша коронавирусқа тест тапсырған. Борис Джонсон әлі де Үкіметтің дағдарысқа қарсы әрекетін жүргізетін болады. Елде барлығы 11,816 адам вирус жұқтырған және 580 науқас індеттен көз жұмды.

 

Соңғы жаңалықтар