• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Наурыз, 2020

Сыр елінің Сәлимасы дүниеден озды

1322 рет
көрсетілді

Еліне еңбегімен танылып, өнегелі өмір иесі атанған белгілі диқан  Социалистік Еңбек Ері Сәлима Жұмабекова 85 жасында дүниеден озды.

Сәлима Жұмабекова 1935 жылы Қармақшы ауданы, Ақжар ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1953 жылы сауыншы болып бастап, алпысыншы жылдары даңғайыр диқан Ыбырай Жақаевтың аймақ жастарына үндеуін қолдап,  қолына кетпен алып егін даласына шықты. Еңбегі ескеріліп, «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды.

Диқандықтан ауылдық кеңес төрағасы қызметіне дейін өскен Сәлима Жұмабекқызы өткен ғасырдың жетпісінші жылдарынан бастап кеңсе қызметін қайтадан күрішшілікке айырбастады. 1980 жылы диқанға Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.

Оның есімі Сыр күрішімен қатар аталатын.  Құрметтің төріне еңбекпен жеткен жанды елі де алақанға салып аялады. Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ҒЗИ ғалымдары шығарған күріштің жаңа сортына «Дән падишасы» атанған еңбеккердің есімі берілген.