Бүгін елімізде коронавирус жұқтырғандардың қатарына Қызылорда облысынан бір тұрғын қосылғаны белгілі болды.
Мамандардың айтуынша індет жұқтырған 55 жастағы әйел Қызылорда қаласында тұрады. Осы жылғы 1 наурызда Оңтүстік Кореядан келген. Талапқа сәйкес 14 күн бақылауға алынып, бойынан дерт белгісі байқалмаған соң үйіне жіберілген.
Қазір кеше түнде аяқ астынан ыстығы көтеріліп, дәрігерлер көмегіне жүгінген науқаспен қарым-қатынаста болғандар анықталып жатыр. Мәселенің жай-жапсары сәлден соң өтетін брифингте толығырақ айтылады.