• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Наурыз, 2020

Нұр-Сұлтан қаласында екі науқастың жағдайы ауыр

463 рет
көрсетілді

Қаладағы жұқпалы, провизорлы және карантиндік ауруханаларда 1406 адам жатыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова хабарлады.

«28 наурызда қалалық стационарларда 1406 адам бар,оның ішіндегі 105-і бала. Бүгінгі күні Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус инфекциясының 107 жағдайы тіркелген, екі науқас жазылған. 27 наурызда 15 оқиға тіркелсе,28-і күні тағы 32 жағдайанықталды. Екі күн ішінде 47 оқиға тіркелді. Олардың 41-і немесе 87% бұрын оқшауланған және стационарлық бақылауда тұрған жақын қарым-қатынаста болған адамдар», - деді Сәуле Қисықова онлайн-брифинг барысында.

Оның айтуынша, қазіргі таңда вирус анықталған науқастың бәрі ауруханада жатыр.

«Олармен байланыста болған адамдарды анықтау және оларды оқшаулау жұмыстары басталып кетті. Қазіргі уақытта қалалық станционарда жатқан коронавирус жұқтырған адамдар ішінде екеуі тұрақты ауыр жағдайда жатыр. Олар жасанды тыныс алу құрылғысымен жатыр. Дәрігерлер консилиумы құрылып, емдеу жолдары мен әдістері енгізіліп жатыр. Олар коронавирустық инфекция хаттамасы бойынша ем алуды жалғастыруда. Қалған науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Олар да ем алып жатыр», деді Сәуле Қисықова.