• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Қоғам 28 Наурыз, 2020

Волонтерлер 500 мың медициналық масканы тегін таратты

121 рет
көрсетілді

Волонтерлердің республикалық фронт-офисі 500 мың медициналық масканы тегін таратпақ.

Тегін таратылған маскалар балалар үйлеріне, ауруханаларға және халықтың әлеуметтік осал топтарына беріледі.

BIRGEMIZ ұраны аясында 150-ден астам ұйымды біріктіретін фронт-офистің хабарлауынша, бүгінде «Ұлттық волонтерлiк желінің», «Мейірімділер клубының» және «Астана жастарының» волонтерлері «Нұрлы жүрек», «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында және елордалық Балалар үйінде болған.

«Бүгіннің өзінде 14,5 мың маска тараттық. Қалған маскалар Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы мұқтаж азаматтарға жақында таратылады. Ұлт денсаулығы үшін бұрын-соңды болмаған бүгінгідей ауқымды жұмыстар жасалып жатқан тұста ортақ іске әр адам өз үлесін қоса алады. Тіпті, қарапайым санитарлық ережелерді сақтау, өзін-өзі оқшаулау және маска кию осы індетке қарсы күресте аса маңызды рөл атқарады», - делінген республикалық фронт-офистің хабарламасында.