• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Наурыз, 2020

Қызылорда: Науқаспен қарым-қатынаста болғандар анықталды

461 рет
көрсетілді

Қала тұрғынынан коронавирустық инфекцияның анықталуына орай тиісті сала өкілдері брифинг берді.

Облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымованың айтуынша 1955 жылы туған қала тұрғыны көп уақыт бойы Оңтүстік Кореяда жұмыс бабымен болған. Қызылорда қаласына осы жылдың 1 наурызы күні келген. Сол уақытта талапқа сай 14 күн дәрігерлік тексеруден де өткен. Бірақ дерт белгісі кеше ғана белгі беріп отыр.

– Қазір науқас жақын араласқан адамдардың саны анықталды. Олардың барлығы талапқай сай бақылауға алынып, тексеруден өтеді. Аурудың одан әрі тарап кетпеуіне барымызды саламыз. Тұрғындардан да дүрбелеңге салынбай, санитарлық талаптарды сақтап жүруін сұраймыз. Дұрысы, талапқа көніп, үйден сыртқа көп шықпаған дұрыс. Үлкен сауда орындарында дезинфекциялық тазалық жұмыстарының жүргізілуін бақылауды күшейте түсеміз, – деді Әлия Әбдіқайымова.