• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Наурыз, 2020

Көкшетауда жасанды тыныс алу аппараттары шығарылады

588 рет
көрсетілді

Облыс орталығындағы «Тыныс» акционерлік қоғамы бүгінгі күні аса қажет болып отырған өкпеге жасанды тыныс беретін аппаратураларды көптеп шығаруды қолға алды.

Осы зауыттың сату және өткізу бөлімінің басшысы Айбек Қабиевтің айтуына қарағанда, «Көкшетау-4» аталатын аппараттың алғашқы 17-і данасын облыстық денсаулық сақтау басқармасы сатып алыпты. Қазіргі күні зауытта осындай аппаратуралардың келесі кезектегі 50-ге жуығы құрастырылу үстінде.

Әзірге 300 дана аппаратқа сұраныс түскен көрінеді. Сөз арасында зауыттың айына отыздан астам аппарат шығаруға күші жететіндігін айта кетуге болар. Зауыт басшыларының уәжіне қарағанда, сұранысқа орай әлі де өндіріс қуатын молайтуға мүмкіндіктері бар. Ертеңнің қамын ойлап, қосымша жиынтық бөлшектеріне тапсырыс беріп қойыпты.

Кәсіпорын тәулігіне жеті  мыңға жуық медициналық маска тігеді. Күні бүгінге дейін 40 мыңнан астам маска дайындаған.