• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Наурыз, 2020

ТЖ кезінде МӘСЖ қатысушыларына әлеуметтік төлемдер тағайындау қалай жүзеге асырылады?

234 рет
көрсетілді

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінде өткен брифингте «МӘСҚ» АҚ қалалық филиалының директоры Дина Баегизова төтенше жағдай сақталған кезде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік төлемдер тағайындау (МӘСЖ) қалай жүзеге асырылатыны туралы тарқатып айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Төтенше жағдай кезінде МӘСЖ қатысушыларына әлеуметтік төлемдерді тағайындауды жүзеге асыру ережесіне сәйкес «МӘСҚ» АҚ филиалдары төтенше жағдай кезінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі қатысушыларына әлеуметтік төлемдерді тағайындау туралы немесе  бас тарту туралы құжаттарды қабылдайды және шешім шығарады.

«Әлеуметтік сақтандыру жүйесі қатысушыларына әлеуметтік төлемдерді тағайындау шағын және орта бизнес субьектілерінің қатарындағы әлеуметтік төлемдерді төлеушілердің әлеуметтік төлемдері штаб бекіткен аталмыш Ереженің 3 қосымшасындағы жұмысшылар тізімі формасына сәйкес, жұмысшыларға еңбекақы төлемі сақталмайтын демалыс беру туралы бұйрықтың көшірмесі негізінде жүзеге асырылады»,- деді Дина Баегизова.

Оның айтуынша аталмыш әлеуметтік төлемдерге ТЖ енгізілген кезде жұмысы тоқтауына байланысты табысынан айырылған жұмыс берушілер, еңбекақысы сақталмай демалысқа жіберілген жұмысшылар, ТЖ сақталған кезде қызметі шектелуіне байланысты табысын жоғалтқан ЖК, жеке тәжірибемен айналысатын тұлғалар, БЖТ төлеушілер құқылы.

Төлемдерді алу үшін ТЖ режимі енгізілгенге дейін соңғы 12 айдың кемі 3 айында тізімде көрсетілген  жұмысшыларға әлеуметтік төлемдер төлегені міндетті түрде есепке алынады.

Оған қоса, әлеуметтік төлемдер Ережеге сәйкес жұмысшыға еңбекақысы сақталмайтын демалысқа шыққан күннен бастап, жеке кәсіпкерлік қызметі тоқтаған күннен бастап тағайындалады;

»Әлеуметтік төлемдерді тағайындау немесе бас тарту бойынша ақпарат жұмыс беруші ұсынған тізімде көрсетілген  жұмысшылардың мобильді телефонына sms-хабарлама жіберу арқылы беріледі»,-деді Баегизова.

«МӘСҚ» АҚ әлеуметтік төлемдерді кестеге сәйкес төлеу үшін мемлекеттік корпорацияны күнделікті қаржыландыруды жүзеге асырады. Әлеуметтік төлемдер алушының (жұмысшы, ЖК, жеке тәжірибемен айналысатын тұлғалар, БЖТ төлеушілер) банктегі счетіне жіберіледі.