• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
Қазақстан 28 Наурыз, 2020

Қазақстандық дипломаттар Қазақстан Қарулы күштеріне алғыс білдірді

187 рет
көрсетілді

Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

«ҚР азаматтарын шет елдерден қайтару жөніндегі іс-шаралар шеңберінде қазақстандық әскери қызметшілердің шетелде түрлі қиын жағдайларда қалған отандастарымызға көмек көрсетуге тікелей қатысуы маңызды болып табылады.  Әлемдегі жағдай қарқынды өзгеріп отырған кезде, ҚР Әскери-әуе күштері әскери-көлік авиациясының мүмкіндіктері арқылы қазақстандықтарға әлемнің әр түрлі өңірлерінен отанына оралуға қол ұшын берген ҚР Қорғаныс министрлігіндегі әріптестеріміздің қолдауы ерекше сезілді. Қазақстандық дипломаттар атынан ҚР Қарулы күштерінің басшылары мен барлық қызметкерлеріне шынайы алғыс білдіреміз және жауапты қызметте табыстар тілейміз» делінген ақпаратта.