• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Наурыз, 2020

Павлодар облысында вирус жұқтырған науқаспен байланыста болған 28 адам анықталды

533 рет
көрсетілді

Павлодар облысының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті коронавирустық инфекция аурушаңдығы жағдайын тіркеу фактісі туралы мәлімдеді.

Қазіргі уақытта пациенттің шағымы жоқ, ол жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр. Онымен қарым-қатынаста болған адамдардың шеңбері анықталды, барлығы ауруханаға жатқызылды. Барлығынан вирусологиялық зерттеулер жүргізуге материал алынды. Барлық жақын байланыстар саны - 28, оның ішінде отбасы - 10, басқалары - 8 адам. Қажетті эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілді.

Еске сала кетейік, 27 наурызда облыста бұрын Нұр-Сұлтан қаласында диагнозы расталған науқастармен байланыста болған 1988 жылы туған өңір тұрғынында коронавирустық инфекция расталды.