• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 28 Наурыз, 2020

Ресейден шетел асқан қаржы салығы 15 пайызға ұлғаяды

130 рет
көрсетілді

Ресейде шетелге кететін дивидендтерге салынатын салық мөлшері 15 пайызға ұлғаятын болды. Егер де бұл талаптармен келіспейтін болса, ондай мемлекеттермен ел үкіметі келісімдерден бас тартады.

Ресей президенті Владимир Путин пайыздар мен дивидендтер түрінде Ресейден тыс елдерге оффшорлық юрисдикцияларға кететін барлық төлемдерге тиісті мөлшерде салық салынуы керек деп мәлімдеді. Қазіргі кезде жеке тұлғалардың бұл схема бойынша салығы бар-жоғы 2 пайызды  құрайды.

Ал табысы аз азаматтар тапқан табысынан 13 пайыз салық төлеп отыр. Осы орайда әділетсіздік орнықпау үшін салық мөлшерлемесін 15 пайызға көтеру қажеттігін айтқан В.Путин бұл өз кезегінде кейбір мемлекеттермен қосарланған салық туралы келесімдерге түзету енгізуді қажет етеді деді. Бұл бағыттағы жұмыстарды ел үкіметіне тапсырған Ресей басшысы егер шетелдік серіктестер ұсынысты қабылдамаған жағдайда біржақты тәртіппен бұл келісімдерден шығамыз деп атап өтті.