• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
Әлем 28 Наурыз, 2020

Қазақстандық дипломаттар Әмірліктердегі 800 қазақстандыққа елге оралуға көмектесті

153 рет
көрсетілді

Covid-19 пандемиясы аясында БАӘ халықаралық әуе рейстерінің көпшілігін уақытша тоқтатты. Сондай-ақ, елде дезинфекциялау жөніндегі іс-шараларға байланысты автокөлік қозғалысы шектеулі. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Осыған орай, 20-28 наурыз аралығында Қазақстанның БАӘ-дегі Елшілігі, Дубайдағы Бас консулдығы және Әмірліктердің мемлекеттік органдардың көмегімен Қазақстанға 801 отандасымыз қайтарылды. Бүгін «Air Astana» әуекомпаниясының чартерлік рейсімен Дубай – Алматы бағыты бойынша 116 қазақстандық оралды. Біздің дипломаттарымыздың күшімен үйге оралуды қажет ететін азаматтарымыз осы рейске қосымша отырғызылды.