• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Наурыз, 2020

Алматыда індеттен айыққан 5 адам бар

288 рет
көрсетілді

Бүгін, сенбі, яғни 28 наурызда түнделетіп тағы да жақсы хабар жетті. Алматыда коронавирусқа қарсы ем қабылдаған тағы екі науқас шығарылды. Бұл туралы қазір Алматы әкімдігінің онлайн-брифингінде ресми ақпарат таратылды

«Екі ер адам бүгін ересек жұқпалы аурулар ауруханасынан шығарылды. 1962 жылы туған азамат 13 наурызда Берлин-Минск-Алматы чартерлік рейспен келген болатын. Екіншісі, 1995 жылы туылған жігіт 15 наурызда Сеул-Алматы рейсімен келген», - деді қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев.

Қазіргі таңда мегаполистен бес науқас сауығып шықты. Олардың біреуі 12 жасар бала.

Олардың барлығы медицина қызметкерлерінің бақылауында үйде 14 күндік карантинде болады.