Түркияның Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа елде вирус жұқтырғандар саны 7402-ге жетіп, 108 адамның қайтыс болғанын мәлімдеді.
Министрдің сөзінше, Түркиядағы вирус жұқтырғандар саны 7 402-ге жетсе, індеттен көз жұмғандар 108 болған. Сонымен қатар министр бүгін, яғни 28 наурызда 16 кісінің вирустан қайтыс болғанын да мәлімдеді.
Түркияда коронавирус жұқтырған алғашқы науқас 11 наурызда тіркелген болатын. Бүгінге дейін 55 464 адамды тесттен өткізген. Вирус анықталған 7 402 науқастың 445-і реанимацияда, 309 адамға интубация жасалған. Сонымен бірге 70 кісінің вирустан айыққаны белгілі болып отыр.