• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Наурыз, 2020

Жаркент тұрғындары дәрігерлерге құрмет көрсетті

354 рет
көрсетілді

«Біз біргеміз» республикалық акциясына Жаркент тұрғындары да қолдау көрсетуде. Бүгін орталық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінің 35 қызметкерлеріне жергілікті кәсіпкер Ұлан Сарпеков азық-түлік пен қатар қаржылай көмек көрсетті.

– Президентіміз бастаған акция әзір еліміз бойынша қолдау табуда. Кәсіпкер ретінде менде қолымнан келгенше көмек көрсеттім. Алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Осы орайда жанға араша болып еңбек етіп жатқан медицина қызметкерлеріне алғыс білдіремін,- деді кәсіпкер Ұлан Сәрпеков.

Ауданағы жұқпалы аурулар бөлімінің қызметкерлері бүгінге дейін карантинде жатқан 197 адамдарға қызмет көрсеткен. Қазір барлығы бақылауда.

Жалпы, Панфилов ауданына қазір екі санитарлық бекет жұмыс істеп тұр. 24 сағат жұмыс істеп жатқан арнайы мамандарға аудан әкімдігінің қызметкерлері ыстық тамақпен қамтамасыз етіп, қолдау көрсетуде.

Алматы облысы