• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Наурыз, 2020

Ақтөбеде өңірлік жедел әрекет ету штабының кезекті отырысы өтті

353 рет
көрсетілді

Жұма күні Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен, облыстық мәслихат хатшысы Сәния Қалдығұлова, облыс әкімінің орынбасарлары Нұржауған Қалауов, Аманғали Бердалин, Мейрамбек Шермағанбет, Руслан Қамбаров, видеобайланыс арқылы қала және аудан әкімдерінің, полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Қанат Әлиев, облыс прокуратурасының басқарма бастығы Азамат Кустанов және басқарма басшыларының қатысуымен штаб отырысы өтті.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржауған Қалауов облыстық прокуратураның үйлестіруімен аудандық прокуратуралардың және жергілікті полиция қызметінің мобильдік топтарының бірлескен рейдтік іс-шаралары барысында елімізде енгізілген төтенше жағдай кезінде құқықтық тәртіпті бұзу фактілерінің  анықталғанын хабарлады. «ТЖ  кезінде шектеулерді сақтамағаны үшін  кафелердің, барлардың, қоғамдық тамақтану орындарының 15 қожайыны, 5 сауда үйі, моншалар мен букмекерлік кеңселердің және ойын клубтарының иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, әлеуметтік желіде қоғамдық тәртіпсіздік туғызатын жалған ақпаратты жариялағаны үшін 2 азаматқа  арандатушылық  әрекеттері үшін  біреуі 3 тәулікке қамалды, екіншісіне  40 айлық есептік көрсеткіште  айыппұл салынды»,-деп атап өтті Нұржауған Қалауов.

«Қазіргі жағдайларға байланысты кейбір азаматтарымыз тәртіпке бағынбау фактілері кездесіп отыр, оқшауға алынған әрбір адамның  үйінен шықпауы  қатаң бақылансын. Дені сау азаматардың денсаулығына қауіп төндіргендердің ешбірі   жазасыз қалмайды»,- деді Оңдасын Оразалин. Аймақ басшысы ауылдық жерлерде     жасырын жиын, салт- дәстүрлік шараларды  өткізу фактісі тіркелсе ең алдымен аудан әкімінің жазаланатынын да еске салды.

Сондай-ақ, облыстық мәслихат хатшысына депутаттармен және қоғам белсенділерімен біріге отырып, базарлар мен сауда үйлеріндегі дезинфекция жұмыстары мен азық- түлік бағаларына тексерулерді күшейту қажеттігін тапсырды. Облыс әкімі орынбасарларына бірқатар тапсырмаларды жүктеді. Руслан Қамбаровқа ауруханаға оқшауда жатқызылған азаматтардың жағдайын бақылау және оларға қызмет көрсететін  медицина  қызметкерлеріне  үстемақы беру бойынша шаралар қабылдау керектігін айтты. Аймақ басшысы көктемгі   дала жұмыстарының  дайындығына қатысты бірқатар ескертулер жасады. Дәнді -дақыл, тұқым, жанар- жағар май т.б қажетті материалдарды ыждағаттап алу механизмдерін қарастырмау себепті көктемгі  дала жұмыстарын бастай   алмай отырған аудан әкімдеріне қатаң ескерту берді. Мәселені қалыпқа келтіруді Аманғали Бердалинге тапсырды.