2020 жылғы 30 наурыздан бастап Маңғыстауда вахталық әдіспен жұмыс жасайтындар сол мекемелерге жақын жерде уақытша тұруы тиіс. Оған жұмыс берушілер жағдай жасауы қажет.
Сондай-ақ кейбір мұнай компаниялары жұмысшыларды арнайы залалсыздандырылып, дайындалған көліктермен тасымалдайды.
Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Ақтау қаласының бас санитар дәрігері А.Жарылғасова мәлімдеді.
Сонымен қатар, бас санитардың айтуынша, 30 наурыздан бастап интернет және ойны клубтары мен өзге де халыққа қызмет көрсететін орындарға, яғни адамдар ұзақ уақыт болатын жерлерге шектеу қойылады, ал шаштараз, сұлулық салондары мен тігін шеберханалары, банк және тағы басқа орындардың әдеттегі уақыты бойынша жұмыс істеуіне рұқсат.
Маңғыстау облысы