• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Наурыз, 2020

Алматы облысы: Қауіпсіздік шаралары қалай жүріп жатыр?

342 рет
көрсетілді

Алматы қаласының толықтай карантинге жабылуына байланысты мегаполиспен шектесетін облыс аудандарында да қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Қазір қала маңында 17 блок бекет және облыс аумағында 20 санитарлық қадағалау орындары жұмыс істеп тұр.

Облыс аумағындағы блок бекеттерде бір ауысымда шамамен 100 тәртіп сақшысы қызмет атқаруда. Қозғалысты шектеу мен тексеру орындарының сегізі Қарасай ауданында, алтауы Іле ауданында және тағы үшеуі Талғар ауданында  орнатылған.

Өткен тәулік ішінде блок бекет жұмысына жұмылдырылған қызметкерлер 3 266 көлікті тексерді. 19 наурыздан, яғни карантин енгізілгелі бері 23 000 көлік тексеруден өткен.

Сонымен қатар, облыс орталығы Талдықорған қаласы маңына да 4 санитарлық бекет қойылды. Осы аралықта облыс орталығына 8 064 көлікке мінген 20 мыңнан​ астам жолаушы кірді. 21 наурыздан бері бекеттерден 21 371 көліктің өткені анықталды. Ал әкімшілік құқық бұзушылық заңнамасын сақтамаған 26 тұлға жауапкершілікке тартылыпты.

Алматы облысы